Жол жабынының құрылымдық қабаттарында жүн және мұнай қалдықтарын геотордың толтырғышы ретінде пайдалану (шолу)
Abstract
Бұл шолу жұмысы ауыл шаруашылығында қолданыс таппаған қой жүні мен мұнай өндіру орындарындағы топыраққа төгілгенмұнай және мұнай қалдықтарын жол төсемінің құрылымы жақсарту үшінқолдануға арналған. Толтырғыш ретінде қолданғаннан кейінгі малдың,мысалы, қойлардың жүнінен жасалған плиткалардың бетіне мұнай ластаушы заттарды сіңіргеннен кейін пайдалануға қол жеткізіледі. Қойжүнінің барлық түрі емес, іске аспай қалған түрлері алынатындықтан, солжайлы мақалалрға назар аударылған және оларды өңдеу жолдары қарастырылады. Ұсынылып отырған жұмыс экологиялық мәселені шешуге десептігін тигізеді.Мұнай ластаушы заттармен сіңдірілген плиткалар жол төсеміне дайындалған геоторларға салынады. Геотордың геометриялық өлшемдеріаймақтың климаттық жағдайларына және жол төсемінің жағдайына байланысты таңдалады. Жол төсемдерін салудың ұсынылған әдісі жолдардың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.Жол жамылғысын салудың бұл әдісі құрылыс шығындарын азайтады,ал жолдың қызмет ету мерзімін ұлғайту мұнай қалдықтарымен сіңдірілген плиткаларды пайдалану арқылы қол жеткізіледі, олар ылғалды сіңірмейді және оның жабынның корпусына енуіне жол бермейді, нәтижесіндеқыста жол жарылмайды.
Not yet translated