Бауыржан Момышұлының әскери қолбасшылық қызметі мен тарихи рухани мұрасы
Abstract
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында өзінің соғыс жүргізу тактикасы және стратегиясымен ерекшеленген даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының әскери қызметіне қатысты мәліметтер зерттеледі. Ең алғашқы әскери дайындық мектебі Қиыр Шығыстан басталып, соғыстың алғашқы жылдары майдан даласында жинақтаған теориялық білімімен түрлі әскери тактикалар мен ұрыс тәсілін ұйымдастыра білу шеберлігін меңгерді. Бауыржан Момышұлының әскери ғылымды терең меңгергендігі «Соғыс психологиясы» еңбегінде жан-жақты талданған. Әскери саладағы шеберлігімен қатардағы жауынгерден дивизия командиріне дейін көтерілді, Ворошилов атындағы академия мен Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны аяқтап, жоғары әскери маманы болды. Жауынгерлерді дайындау, ұрыс жүргізу тәжірибесі мен соғыс тактикасына қатысты Әскери Академияда профессор атағымен генералдарға және Кубаның әскери училищелерінде запастағы офицер тәжірибесімен бөлісіп, дәріс оқуы оның жоғары білімді әскери адам болғандығын білдіреді. Оның «Бауыржан спиралі» атты тактикасының маңыздылығына талдау жасау арқылы оның әскери саладағы ой-танымын, майдан шындығын көркем шығармалары арқылы әскери әдебиеттің шыңына көтеруі жолдары оның бірден бір түркі халықтары әскери әдебиетінің негізін салуына алып келді. Бауыржан Момышұлының архивтегі жеке қорындағы деректерге талдау жасау арқылы оның әскери қызметіне және «әскери әдебиеттің» негізін салушы ретіндегі рөліне баға беріледі. Сонымен қатар әскери тақырыптағы дәрістерінің маңыздылығы талданады
Not yet translated