Asosiy kontentga oʻtish
Maqola

«ФАБРИЧНЫЙ» БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯСЫНДА ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНАН КЕЛЕТІН СИГНАЛДАРДЫ ӨҢДЕУ

Olzhas KurmanbayevӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіN.D. TajetdinovҚарақалпақстан ауыл хожалығы агротехнологиялар институтыR. TurapovaӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіUmut KozhakhmetovaӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіGulbanu BaidauletovaӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіЕржан АбилхасимӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
2025kk
ABI

Annotatsiya

Ғылыми мақаланың мақсаты «Фабричный» базалық станциясында статика әдісімен орындалған геодезиялық өлшемдерді өңдеуді жетілдіру болып табылады. Бақылау және мониторинг құрылғыларынан келетін сигналдарды өңдеудің әртүрлі тәсілдері қарастырылады, сондай-ақ алынған деректердің тұрақтылығы мен сапасын арттыру әдістері бағаланады. Нәтижесінде статикалық өлшеу жағдайында базалық станциялардан сигналдар мен деректерді талдаумен айналысатын мониторинг жүйесін жасаушылар мен инженерлер үшін пайдалы деректер алынғаны жазылған. Мақаланың ғылыми жаңалығына келсек, өлшеулер жүргізу кезінде аталмыш әдіс, нүктелердің координаталарын жоғары дәлдікпен анықтайды, артық өлшеулердің үлкен саны анықтаулардағы қалдық қателерді жеткілікті дәлдікпен есептеуге, бастапқы нүктелердің сапасын бағалауға және өлшеудің өрескел қателерін жоюға мүмкіндік береді. Ғылыми еңбекте салыстырмалы түрде дәлдіктері келтірілген. Фабричный базалық станциясында GNSS өлшемдерін өңдеу нәтижесін қорыта келгенде оның координаттары мен кеңістіктегі орны жоғары дәлдікпен анықталады. Бұл мәліметтер станцияның тиімді жұмысын қамтамасыз етуге және телекоммуникациялық желіні одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Деректерді өңдеу барысында бастапқы деректер статикалық жағдайда жинақталып, кейіннен BERNESE немесе SGO бағдарламалары арқылы өңделеді. Бұл өңдеу кезеңінде спутник сағаттарының қателіктері, атмосфералық әсерлер және спутниктердің орбиталық ауытқулары ескеріледі. Практикалық маңыздылығы GNSS технологиясын статикалық өлшемдерді өңдеуде қолдану базалық станциялардың жұмыс тиімділігін арттыруға және желілік инфрақұрылымның дамуын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Дәл және уақтылы өлшеу жабдықтың ықтимал ақауларының алдын алуға, байланыс сапасының жоғары деңгейін сақтауға және пайдаланушыларға тұрақты қосылымды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Белгіленген анықтамалық станция өлшемдердің орындалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ белгілі бір объектінің кеңістіктік орнын анықтауға арналған. Мәліметтерді спутниктік (ГНСС) геодезиялық және навигациялық қабылдағыштардың, арнайы БҚ, компьютерлік және өзге де жабдықтардың көмегімен алуға және BERNESE 5.2 жәнк South Geomatics Office бағдарламалық құралы арқылы жүзеге асырылу нәтижесінде өңдеуге болды. Ғылыми мақаланың мақсаты «Фабричный» базалық станциясында геодезиялық бақылау және мониторинг құрылғыларынан келетін сигналдарды өңдеу болып табылады және «Фабричный» базалық станциясында статика әдісімен орындалған геодезиялық өлшемдерді өңдеуді жетілдіру жұмыс барысында жасалынған, бірақ-та оның нақты өлшемдері мен жұмыс процессінің қалай жетілдірілгені жайлы ғылыми патент жасалынып жатқандықтан, көп ғылыми жаңалықтар құпия сақталынып отыр.

Hali tarjima qilinmagan

Identifikatorlar

Iqtiboslar va manbalar