Skip to main content
AkademIndex

Products

For developers

AkademBasesoonOpen API for the ecosystem
Latin
Article

ФУНКЦИОНАЛДЫ СУСЫНДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫНДА ГРЕК ЖАҢҒАҒЫ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ СЫҒЫНДЫСЫН ҚОЛДАНУ

Aida Nurysh«Kazakh Research Institute of Processing and Food Industry» LLP AFМ. Zh. SultanovaDilrabo MaksumovaTashkent Institute of Chemical Technology
ABI

Abstract

Қазіргі әлемде ғылым, тамақ технологиялары мен медицина дамыған сайын көптеген аурулардың алдын алуға, өнімділікті арттыруға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тиімді, ғылыми негізделген, ұтымды және сонымен бірге функционалды тамақтануды құру қажеттілігі артып келеді. Бұл мақалада функционалды сусындар өндірісінің заманауи технологиялары бойынша зерттеу жұмысы берілген. Грек жаңғағы қалдығы қайта өңдеу өнімі ретінде құрамы мен қасиеттері зерттеліп, олардың функционалды сусындар дайындау үшін биологиялық белсенді заттардың шикізат көзі ретінде пайдалану бойынша зерттеу нәтижелері ұсынылған. Бұл зерттеу жұмысында жаңғақ қабығынан сулы-этанолды сығындысы алынып, оның биологиялық құрамы зерттелді. Зерттеу жұмысы арнайы техникалық шарттар мен МЕМСТ-қа сәйкес жүргізілді. Сығындының витаминдік және минералдық құрамы бай, антиоксиданттық қасиеті жоғары екендігі дәлелденді. Профилактикалық қасиеттері бар грек жаңғағы қабығынан алынған сығындымен байытылған функционалды сусындардың өзектілігі негізделген.

Topics

Identifiers

Citations and references

Cited by 00 references
Metrics — AkademScholar · Coming soon